Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңды түрде тірі шыршалар сатылып жатыр

Алматыда қолдан жасалған альтернативті шыршалар ретінде топырағымен бірге тірі шыршалар сатып жатыр. Талапқа сай оларды көшет ретінде егу үшін сатып жатыр. Алайда, Жаңа жыл қарсаңында оларды безендіріп қоюға болады.

6_wide

Сурет: Никиты Спивак

 

55

Мұндай шыршаларды 5-7 күндей үйге қоюға болады. Содан кейін есік ауласына не басқа ыңғайлы жерге егіп қою керек.

Шыршалар шелекпен бірге сатылуда. Олардың бағасы 15 мыңнан басталады. Шыршалар Алматыға Голландия, Польша елдерінен әкелінеді. Сондықтан, талап бойынша олар үлкен көлемді болмайды. Шыршаны үйге кіргізбес бұрын, суық жерде сақтау керек. Олай етпеген жағдайда, шыршаны еккен соң олар бірден жаурап қалуы мүмкін.

Шыршаны таңдағанда, олардың тамыры құрғақ болмауы керек. Ал, топырағы сулы болуы тиіс. Сатып алған соң, шыршаны үлкен ыдысқа орналасыру керек.

Еске сала кетейік, былтырғы жылы Қазақстанда өсірілген шыршаларды кесуге тыйым салынған болатын. Жас шыршаны кескен жағдайда 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Талқылау