Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Ялян» базарының алдында ер адамды көлік қағып өлтірді

Бүгін Алматыда Солтүстік айналама жолының бойында, «Ялян» базарының алдында жеңіл автокөлік ер адамды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

8b1bbdbe3499dbca8dc9297d2ba92052

Сурет: www.lent.az 

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ер азамат жолды рұқсат етілмеген жермен кесіп өтпек болған. Осы сәтте оны Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлік қағып кетті. Машинаның алдыңғы жағына және алдыңғы әйнегіне соғылған жүргінші оқиға орнында дәрігерлер келіп жеткенше көз жұмды.

Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнында қайғылы оқиғаның орын алу себептерін анықтап жатыр.

Жіберіп алаңыз:

Көлігінен темекі тұқылын іздеген жүргізуші екі баланы қағып өлтірді

Талқылау