Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Владимир Кузьмин бос алаңда жаңбырдың астында ән салды (видео)

Танымал ресейлік әнші Владимир Кузьмин Алматыда концерт өткізіп, жаңбырдың жауғанына және көрермендердің аз болғанына қарамастан ән салды.

84828_big

Видеоны ғаламторға алматылық азамат Андрей Фисенко жүктеген.

“Жаңбыр, түн, М.Горький атындағы саябақ, ВЛАДИМИР КУЗЬМИН ән салуда!!! Залда адам жоқ, әнші тегін әрі бар жан-тәнімен беріліп орындап жатыр”, – деп пікір білдірді Фисенко.

Көрермендердің бірі Анна Шелепова аталмыш концерт туралы Facebook желісінен оқығанын айтып қалды.

“Ешқандай жарнама көрген жоқпын, қала бойынша афишалар да ілінбеген сияқты. Нәтижесінде 70% пайызға бос қалған алаң. Меніңше, адамдар жаңбырға қарамастан келер еді. Кузьминнің Мәскеуде өткен мерейтойлық концертіне жүз доллардан билет алсақ та, кіре алмаған болатынбыз. Адам лық толы, ұзын-сонар кезек және қатаң күзетшілердің кесірінен… Ал кеше талантты Владимирдің концерті біздің қалада тегін өтті. Ол аздай, келгендердің бәріне тегін диск таратылды. Ол үшін жекелей алғыс айтқым келеді. Алайда бос залда өнер көрсеткен музыкант қандай күйде болды екен?” – деп жазған Анна Шелепова.

Расында да ресейлік әншінің концерті туралы көпшілік білмепті.

“Мен неге білмей қалдым???? Баннерлер қайда? Желілерде неге жазбаған????”, “Ақпарат таратылмағаны өкінішті, менің сүйікті әншім”, “Неткен ұйымдастырушылар? Ақпарат мүлдем болған жоқ!!!” – деді ашынған қала тұрғындары.

Айта кетейік, концерт 11 қыркүйек күні кешке Горький атындағы саябақта “Отбасы планетасы” фестивалі аясында өткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Ресейлік жұлдыз Лолита Атырауға келіп кілем сатып алды

Татуласқан Төреғали мен Ерке “Сәлеметсізбе” әнін жаздырды

Талқылау