Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда велосипедпен жүріп телефон ұрлаған ұры ұсталды

Алматыда велосипед тізгіндеген ұры ұсталды. Ол көшеде тұрғындардың телефонын ұрлап алып, аулаларға қашып, ізін суытып отырған.

20160419112324

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық ІІД хабарлағандай, 26 жастағы Грузия азаматы осылайша 5 адамның қалтасын қаққан.

Қазір оған ҚК 191-бабының 2-бөлімі бойынша тонаушылықпен айналысты деген айып тағылып отыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Алматы полициясы егер аталған азаматтың әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 298-54-08; 298-54-02 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Талқылау