Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда вандалдар 28 Панфиловшылар саябағындағы 11 ескерткішті қорлады

Белгісіз біреулер 28 Панфиловшылар саябағында орналасқан 11 қаһарман қалалардың мемориалдық тақтасын қорлады.

3239792

Генерал-майор Панфиловтың немересі, саябақ территориясында орналасқан Әскери даңк мұражайының  меңгерушісі Алуа Байқадамованың Sputnik Казахстан айтуынша, вандалдар гранит бетінен металл әріптер мен әскери символикаларды сындырып алған.

“Мұражайдың екі қызметкері сыртқа шыққан кезде көріп қалып, бірден полицияға хабарлаған. Учаскелік полиция қызметкері келіп, істі қолға алатынын айтты. Ескерткіштерді қорлау жағдайы бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр жұмыртқа лақтырып кеткен. Бұған дейін ескерткіштердің жанында тұрған күркеде полиция қызметкері отыратын. Егер мұндай істі жасөспірімдер жасаған болса, мені, олардың бойында өткенге құрметі жоғалып бара жатқаны қынжылтады. Олар соғыс туралы ештеңе білмейді”, — деді Байқадамова.

3240175

Қолда бар ақпараттарға қарағанда, вандалдар түнде әрекет еткен.

Алматы қаласы ІІД бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет бермеді.

 Тағы да оқыңыз:
Талқылау