Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатқан полицей қайтыс болды

Бүгін таңға қарай 12-ші қалалық клиникалық аурухананың жан сақтау бөлімінде атыс кезінде жараланған полицей қайтыс болды.

қайтты

Жалғас Аманбайұлы Келдібаев (01.09.1992) – Алматы ІІД ЖПҚ Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері, полиция сержанты. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Үйленбеген.

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі мен жеке құрамы Жалғас Келдібаевтың туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Естеріңізге салып өтсек, 18 шілде күні Алматыда Күлікбаев полицейлерге оқ атты. Атыс кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері оққа ұшты. Кейін жан сақтау бөлімінде тағы бір полиция қызметкері көз жұмды.

1 тамыз күні тағы екі тәртіп сақшысы қаза тапты. 25, 28 шілде мен 4 тамызда қала клиникаларынан атыс кезінде жараланған үш полицей шығарылды. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр халде жатқан Жалғас Келдібаевтың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.+

Алматыдағы қайғылы оқиғаның хроникасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

 

Талқылау