Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұсталған күдікті 5 адам бұрын есірткі пайдаланып және ұрлық жасағаны үшін сотты болған

Алматыда қауіпті жарылғыш қаруларды сақтады деп күдікке ілінгендер қазіргі таңда уақытша тергеу изоляторына жөнелтілген. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

photo_185133

Сурет Алматы қалалық ІІД

Ұсталғандардың екеуі Алматы қаласының, екеуі Алматы облысының және біреуі Павлодар қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, ұсталған екі адамның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Олар бұрын есірткі өнімдерін заңсыз тасымалдағаны және адам зорлау, ұрлық деректері бойынша сотты болған.

Еске сала кетсек, арнайы жүргізілген жедел шараның арқасында қауіпті қару сақтады деген 5 адам ұсталған. Тиісінше бүгін Республика алаңы аумағына жанармай құйылған бөтелкелер мен арматур темірлер де табылған еді.

Алмалы және Бостандық аудандарында орналасқан екі пәтерден бірнеше қауіпті қару, оның ішінде макаров пистолеті мен «ТТ», мылтық, оқ-дәрілер мен РГД-5 гранатасы, сондай-ақ, 5 миллион теңге ақша тәркіленген еді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау