Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұсталған қырғыз депутаты екі елдің де азаматтығын алған болып шықты

Қазақстан СІМ Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу қос елдің де азаматы екенін хабарлаған.

Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, бұдан бұрын БАҚ Қазақстанда ұсталған Жогорку Кенеш депутатында екі елдің азаматтығы бар екенін жазған болатын. Қырғызстан заңнамасына сәйкес екі елдің азаматтығын алған адам депутат бола алмайды.

Алматы соты Асылбек уулуны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.  Депутат қазақстандық күш құрылымдары өткізген арнайы операция кезінде ұсталды.  Депутаттан басқа Қырғызстанның тағы екі азаматы тұтқындалған.

Депутаттың партияластары Асылбек уулу “Қырғызстан” парламенттік фракциясының белсенді мүшесі екенін, бауырлас екі елдің атынан күрестен жарыстарға қатысып, спорттың осы түрінің дамуына үлкен үлес қосқанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан мемлекетінің сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігіне нота жіберді. Оған елімізде қырғызстандықтардың ұсталуы туралы мәлімет себеп болды.

Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнайы операция жүргізілген. Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады, олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. Кейіннен ұсталғандар саны 33 адамның қамауға алынғаны мәлім болды.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер Төреғалидің әнін тыңдаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдейтінін айтады

Дулат Исабеков: Өмірімде екі қыздың обалына қалдым, бір жолығып аяғына жығылып, кешірім сұрасам деймін

Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрден араша сұрады

Талқылау