Алматыда ұсталған үш алаяқтың әрекетінен зардап шеккендер іздестіріліп жатыр

Алматыда түрлі қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Алматы қаласы Бостандық ауданының қылмыстық полициясы Алматы тұрғындарын аталған күдіктілерді тануға шақырып жатыр.

«Аталған үш фигурант жеке әрекет еткен, олардың арасында ешқандай байланыс жоқ. Әрқайсысы өз бетімен қылмыс жасаған. Қырғызстанның Алматыдағы туыстарының үйінде тұратын 20 жастағы азаматы келгеніне екі ай болуына қарамастан, бірнеше рет алаяқтық жасап үлгерген. Тәуліктік пәтер жалдап, оны пәтер іздеп жүргендерге бірнеше айға жалға беремін деп, ақшасын алып, тайып тұрған», – дейді Бостандық аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Тимур Өсекбаев.

Күдіктілердің екіншісі 1983 жылы туған Алматы тұрғыны.

«Ол пәтер иелері кооперативінен келген электрикпін деп тұрғын үйлерге кірген. Электр есептеуіштері немесе автоматты сөндіргіштерін жөндедім, ауыстырдым деп алдап, үй иелерінен ақша талап еткен. Шындығында ол ештеңе істемеген және пәтер иелері кооперативінде де жұмыс істемейді.

Үй иелеріне ескі есептеуіштерді жаңасына алмастырғаны туралы жалған чек көрсетіп, қолма-қол ақша төлеуін талап еткен. Сенгіш азаматтар оған ақша төлеген. Айта кетерлігі, алданғандардың көпшілігі зейнеткерлер, егде жастағы адамдар», – дейді Т. Өсекбаев.

Ал келесі қылмыскер де Алматы тұрғыны. 40 жастағы ер адам таныстары арқылы төмен бағамен көп мөлшерде жаңа iPhone8 алғысы келетіндерді тапқан.

«Ер адам оларға ұялы байланыс компанияларының бірінде тамыр-таныстары бар екенін айтып, смартфондарды арзан бағамен алуға болатынына сендірген. Бірақ арзан смартфонды тек көтерме сауда арқылы ғана алуға болатынын, кем дегенде 10 дана телефон сатылатынын айтады. Жәбірленушілердің бірімен «мәміле жасасып», 640 мың теңгесін алған да, ізін суытқан», дейді полиция полковнигі.

Ол осы сияқты қылмыстары үшін бұрын да сотталған екен.

«Аталған фигуранттар алдау жолымен азаматтардың сеніміне кіріп, тонап отырған. Олардың әрекеттері ҚР ҚК 190-бабымен («Алаяқтық») қаралады. Үшеуіне де қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Күдіктілер өз айыбын мойындап отыр. Бұл тұлғалардың қылмыстық әрекеттері көп мәрте қайталанатындықтан, жәбірленуі мүмкін азаматтардың 298-52-80 және 298-52-84 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуын сұраймыз», – дейді Т. Өсекбаев.

Оқи отырыңыз:

Өгей әкесі тістеп тастаған қыздың ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар