Алматыда ұрылар бейнекамераға түсіп қалды (видео)
Алматыда автокөлік айнасын шешіп алған ұрылар көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған.
Бейнежазбаны motor.kz редакциясы жариялады.
Дерек бойынша оқиға 16 мамыр күні түнгі сағат 02.00 шамасында, Панфилов пен Гоголь көшелерінің қиылысындағы автотұрақта орын алған.
Кадрде жігіттің қолындағы құралмен көлік айнасын шешіп алып жатқаны көрінеді. Ал оның серігі жан-жақты мұқият бақылап тұр. Ұрылар камерадан қаймығып, тіпті беттерін де жасырмаған.
Талқылау