Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұры тоғыз мың теңге үшін сатушыны 48 жерден пышақтап кетті (фото)

Алматы облысының тұрғыны анасымен жасты сатушыны 48 жерден пышақтап кетті. 51 жастағы әйел қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалу үшін барын салуда.

20160516092343

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 жастағы жігіт Бөкейханов көшесіндегі кішігірім дүкендердің бірін тонамақ болады. Түс кезінде ол 51 жастағы сатушыны соққыға жығып, 48 жерінен пышақ салған.

20160516092347

«Сатушы есінен танып қалған кезде, тонаушы кассадағы 9 мың теңгені алып тайып тұрған. Іздестіру тобы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты. Құрықтау операциясы барысында оның қалтасынан суық қару  пышақ табылды. Ол заттық айғақ ретінде іске тіркелді», – деді Жетісу аудандық ІІБ басшысының орынбасары Дәулет Сәмбетов.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында әйел күйеуін пышақтап жертөлеге тастап кеткен

Талқылау