Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұрланған қалыңдық шағымданудан бас тартты

Алматыда колледжден ұрланған қыз үйіне оралды. Полицейлер қыздың жоғалғандығы жайлы хабар түсе салысымен іздестіру жұмыстары басталды.

Untitled-1

Нәтижесінде, қалыңды алып кеткен көлік анықталды. Қалада қылмыскерлерді ұстау үшін бірден “Жедел ұстау” жоспары ұйымдастырылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бостандық ауданының ІІБ-ның бөлім полициясы және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма қызметкерлердің көмегімен қылмыскерлердің мекен-жайы анықталған. Полиция күдіктінің туыстарымен бірге жұмыс істеп, олардан қызды өз еркімен босатуға жігітті көндіру сұраған. Сөйтіп, 13 қараша күні таңертең қыз үйіне оралды.

-“Қыз полицейлерге күдіктінің үстінен шағымданудан бас тартты. Қазір полицияның тергеу бөлімдері қылмыстық іс шеңберінде тиісті шараларды жүргізуді жалғастырып жатыр. ҚР ҚК 125-бабы бойынша, күдікті ұрланған адамды өз еркімен босатса және оның әрекеттерінде өзге қылмыс болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады”, – деді баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

 

 

Талқылау