Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.  22 жастағы Ерік Мұратұлының жақындары, қандай да бір мәлімет бергендерге ірі көлемде сыйақы ұсынып отыр. Себебі, осыдан бір ай бұрын  Алматыдан Нарынқолға жолға шығып кеткен жас жігіттен  әлі ешқандай хабар ошар жоқ.

еріккк

Бұл туралы 31 арна жазды.

Биыл дипломын алуы керек болған Ерік Мұратұлы шілденің сегізі күні Алматыдан туған жері Нарынқолға кешкі сегіздер шамасында жолға шыққаны қаланың шығаберісіндегі  бейнекамераға түсіп қалған. Алматы мен Райымбек ауданына дейінгі жолдың маңын  шолып шыққан жақындары, тек даладан көліктің өзін ғана табады. Ал, студенттің  одан кейін қайда бағыт алғаны сол күйі  белгісіз.

«8 шілдеде  шығып кеткен содан жоқ. Машинасын тауып алдық. Діни ағымға әуестігі жоқ. Темекі шекпейді, ішпейді. Күліп қана жүретін»,-дейді  Ерік  Мұратұлының досы Айбол  Құдайберген.

Ұлынан көз жазып қалған  ата-ана Ерікті көрген-білгендерден көмек сұрайды. Тіпті, қандай да бір тың ақпарат бергендерге 5 миллион теңге сыйақы ұсынып отыр.

«Тапқан адам болса сұрағанын береміз, егер біреу қорлықпен ұстап отырса да жіберсін, қанша ақша сұрасада береміз»,- дейді Еріктің әпкесі Индира Қырғызбайқызы.

еріккк.jpg111

Ерік Мұратұлы  жайлы мәлімет білетіндер болса,  төменде көрсетілген  мына телефон номерлеріне  хабарласуына болады.

 

Талқылау