Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық университеттің ұстаздары далада қалуы мүмкін

Алматыдағы аграрлық оқу орнының қызметкерлері 20 жылдан бері тұрып жатқан жатақханадан қуылулары мүмкін. Университетке 20-25 жылдап еңбегі сіңген оқытушылар биліктен көмек сұрады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Олардың айтуынша, өткен жылы бөлмені жалға беру ақысы бірден 4 есеге көтерілгенде, қарсылық танытамыз деп бастары бәлеге қалған. Содан бері басшылық оларға әбден өшігіп, сотқа беріп, бірнеше күн бұрын жеңіп шыққан. Сол шешім шыққалы оларға тыныштық бермейі жатақханадан қуғалы жатыр..

Әбден ескірген жатақханада аграрлық университеттің қызметкерлері тұрады. Еден жуушыдан бастап білдей профессорға дейін 20 жылдан бері тұрып келген.

“Қыс көзі қырауда, құндақтаулы баламен қайда баратынымды білмеймін”, – дейді ҚазҰАУ қызметкері Гүлназ Тұрсынбай.

Бұл дау 2 жыл бұрын бөлмені жалға беру ақысы қымбаттағанда басталған. Төлемнің бірден 4 есеге көтерілуі жатақханадағы бүкіл жұрттың ашуын туғызыпты. Сөйтіп, айқай-шумен белгіленген 105 мыңды 67 мыңға түсіртеді. Десе де, университет басшылығы бастапқыда қызметкерлердің бүкіл айлығын еріксіз ұстап қалып отырған. Сөйтіп, ұстаздар амалсыз сотқа шағымданған.

“Алғашқыда біздің жалақыдан  ұстап тұрды. Одан кейін біз сотқа жүгінгеннен кейін, төленген ақшамыздың бәрін қайтадан қайтарып берді”, -дейді ҚазҰАУ профессоры Гүлмира Қасенова

Тек заң алдында тарифті төмендете алмаған. Сөйтіп, керісінше, университет басшылығы  бұларды сотқа береді. Мұның өзі заңсыздық дейді оқытушылар.

Айтуларынша, білім ордасының ректоры жатақханаға өз меншігі секілді қарап отыр. Тіпті, нысанды бизнеске айналдырғанын айтты.

“Бұл жердің иесі мемлекет. Аграрлық университет бізден арендалық шарт жасауға қақы жоқ.  Тіпті олар шағым хат бере алмайды, шығару жөнінде. Өйткені иесі емес”, -дейді ҚазҰАУ  профессоры Толқын Бекбаева

Алайда, шешім бойынша, ұстаздар бөлмелерін тез арада босатуларын талап еткен. Әрі оларға миллиондап қарыз ілініпті. Аграрлық университет кезінде баспананы олардың әлеуметтік жағдайына байланысты берген. Бірақ, бұл жақсылықтың уақыты шегіне жетіпті.

“2017 жылдың бірінші қыркүйегінде олардың жалға алу келісімшарты аяқталған. Жалға беретін ақшалары төленбегендіктен, сосын университет сотқа жүгінуге тура келді. Оның үстіне көптеген студенттерге жатақханалар жетіспей жатыр”, – дейді ҚазҰАУ баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Исәділ.

Ал, жатақханадан қуылып жатқан ұстаздар оңайлықпен берілмейміз деп отыр. Жатақхананы босату ойларында да жоқ. Сондықтан, апелляциялық сотқа жүгінетіндерін айтты. Әрі жалға беру ақысын да төмендету үшін соңына дейін күресеміз дейді. Тіпті, хатқа жазған өкпе-реніштерін билік өкілдеріне жолдамақ.

Тағы оқыңыз:

Шымкенттік қыз құдалықта кигізілетін “киіттің” кесірінен тұрмысқа шыға алмай жүр

Қызылордада қайтыс болған кісінің жанынан жұбайын жерлеуге орын қалдыратын болған

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

Қостанайлық қария бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр (фото)

Талқылау