Алматыда түрмеде жазаларын өтеуші жастар телеарна ойындарына қатысты (фото)

Сенбі, 29 Қазан , 2016 10:01

Республикадағы жалғыз ЛА-155/6 Алматы балалар колониясында Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжі, «Аяжан» білім басқармасы медициналық колледжі сондай-ақ, бас бостандықтарынан айырылған кәмелетке толмаған жастар командалары арасында «Отан – отбасынан басталады!» тақырыбында Көңілді және тапқырлар клубы ойындары өтті.

20161029091713

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Ойындар үш кезеңді қамтыды: «Сәлемдесу», «Биатлон», «Поппури» және «Үй тапсырмасы». Қазылар алқасының құрамына Алматы қалалық білім және жастар саясаты басқармаларының, Жетісу ауданы әкімдігінің және «Жартас Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің өкілдері енді.

20161029091645

«Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжінің студенттері – бірінші, жазаларын өтеп жатқан жастардан құралған команда екінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кітаптар мен картиналар табыс етілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған істі болған жастардың жеке шоттарына 5 мың теңгеден ақша аударылды», – деп атап өтті ЛА-155/6 мекемесінің басшысы Ертай Шәкенов.

Жіберіп алмаңыз:

NINETY ONE продюсері орынсыз айыптаулардың астарында не жатқанын айтып берді

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Некедегі азамат жасырын үйленіп, отбасынан 23 жыл қашып жүрген (фото)

Анасы ұрып-соққан қыз сот үкімі шыққанға дейін әкесімен қалатын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар