Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда түрік жігіті жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Алматыда пациенттің қалалық клиникалық орталық ауруханаға тасымалдау барысында болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда түрік жігіті жеділ жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

«Бүгін, 18 қыркүйекте, сағат 11:43 шамасында Алматы қалалық жедел жәрдемнің №6 стансасының бригадасының жүргізушісіне шабуыл жасалды. Жедел жәрдем көлігі Мақатаев көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Желтоқсан және Наурызбай көшелерінің арасында жеңіл автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған. Жүргізуші көліктен шығып, жедел жәрдем жүргізушісіне келіп, оны кемсітіп, күш көрсете бастаған. Ол «103» жүргізушісінің бетінің тұсынан бірнеше рет ұрған», – дейді жедел жәрдемнің бас дәрігері Сәбит Пазылов.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін дәрігерлер бақылағаннан кейін, оның бетіне бірнеше тігіс салынған. Ол емханада емделуге жіберілді. Ал оған шабуыл жасаған ер адамды полиция тұтқындады.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының Жедел жәрдем стансасының басшылығы бұл биылғы жылы медициналық қызметкерлерге шабуыл жасалған алғашқы жағдай емес екенін атап өтті.

«Қала тұрғындарынан жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуға клген кезде шұғыл медициналық көмек көрсететінін ұмытпауын естен шығармауды сұраймыз. Дәрігерлер мен фельдшерлер өз жұмысын атқарады. Әр жағдайда олар пациенттің жағдайын аз уақыт ішінде анықтап, алдын ала диагноз қойып, қажетті медициналық көмек көрсетуі керек», – дейді Сәбит Пазылов.

Айта кетсек, бүгін, 18 қыркүйекте, Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау