Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда түрік жігіті ұрып тастаған жедел жәрдем жүргізушісінің жағдайы нашарлап кетті

Алматыда түрік жігітінен таяқ жеген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Оқиғадан бір күн өткеннен кейін ер адамның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Дәрігерлер оның жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалып, беті жарақаттанғанын анықтады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда түрік жігіті ұрып тастаған жедел жәрдем жүргізушісінің жағдайы нашарлап кетті

«Кеше емханаға бюллетень алуға бардым. Жарты сағатта үш көшені әрең жүріп өттім. Үйімнің алдына келгенде қайтадан жүрегім айнып, құсып, басым айналды. Сондықтан жедел жәрдем шақыруды ұйғардым», – дейді жедел жәрдем стансасының жүргізушісі Николай Кучма.

18 қыркүйек күні орын алған оқиғадан кейін зардап шеккен 61 жастағы ер адамға 4 тігіс салынған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақталған. Дәрігерлердің сөзінше, Николай Кучма алдағы аптаны ауруханада өткізеді.

Ал оған шабуыл жасаған ер адам тұтқындалды. Ол Түркияның 28 жастағы азаматы болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау