Алматыда тыңдау құрылғылары мен бақылау камералары астыртын сатылған
Алматыда тың тыңдау құрылғылары мен сырттый бақылау камералары жасырын түрде сатылған.
Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Рейд барысында полиция аудиоақпаратты жасырын түрде алуға арналған GSM-тыңдау құрылғылары сияқты арнайы техникалық құралдардың екі түрін тапқан. Бұдан бөлек, дүкенді тінту кезінде тағы бір GSM-тыңдау құрылғысы мен, бейнекамера орнатылған салпыншақ табылды. Н. есімді азамат ұсталған.
Полиция берген мәлімет бойынша, 21-23 ақпан аралығында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы саласында 21 құқықбұзушылық анықталды. Контрафакт белгісі бар екі мың DVD заңсыз айналымнан алынды. Бұдан бөлек, порнографиялық өнім сатудың екі дерегі анықталып, жаңа компьютерлік технологияларға қатысты бірнеше қылмыс әшкереленді.
Жіберіп алмаңыз:
Сүйегі табылған қазақстандық жауынгердің қалтасынан Құран кітабы шықты
“Астана” клубының бұрынғы футболшысы: Шынымды айтсам, Қазақстанда тек ақша үшін ойнадым
«Әумин!» дегені үшін жаңаөзендік азаматқа 113 мың теңге айыппұл салды
Шымкенттік азамат адам ағзасына таптырмас ем ретінде қоңыз сатып жүр