Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 32 миллион теңге бөлінді

Соңғы айда елімізде электр энергиясы төлемі 3 пайызға қымбаттады. Енді газ, су және жылу құны да өседі деген болжам бар. Сол себепті биыл Алматы билігі әлеуметтік әлсіз топқа енген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 32 миллион теңге бөліп отыр.

Бұл туралы Хабар24 арнасы хабарлайды.

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге кететін шығын отбасы табысының он пайызынан асқан жағдайда беріледі. Мұндай қолдауға ие болу үшін тұрмысы төмен отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, куәлік көшірмесін мекен-жайы мен жұмыс орны жөнінде анықтама өткізуі тиіс. Сонымен қатар коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді көрсетуі қажет.

“Егер де бір отбасының коммуналдық қызметтер төлемі 12 мың теңгені құрайтын болса ал отбасының табысы 70 мың теңгені құрайтын болса яғни 70 мың теңгенің 10 пайыздық мөлшері 7 мың теңгені құрайды. Яғни аталған отбасыға 5 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалады. Егер де коммуналдық қызметтер тарифі өскен жағдайда сәйкесінше тұрғын үй көмегінің мөлшері де көбейтіледі”, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Рүстем Исмаилов.

Оқи отырыңыз:

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды

ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

Ақтөбе облысында дәрет сындырмақ болған ер адам 2,5 миллион теңгесін ұрлатып алды

Атырауда бауырын өртеніп жатқан үйден алып шыққан 5-сынып оқушысы марапатталды

Талқылау