Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғындар тегін азық-түлік үшін шешініп тастады (видео)

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрғындар тегін азық-түлік алу үшін (құны 5 мың теңгеге) тырдай жалаңаш шешініп тастады. Желіде пайда болған адамшошырлық видео елді шошытты, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеода киімсіз жүрген тұрғындарды көріп таңқалған куәгер олардан бұл әрекеттерінің себебін сұрайды. Сонда есімі белгісіз жас жігіт киімді шешіп тастаған адамның тегін азық-түлікке қол жеткізе алатынын мәлімдеді. Тек оның құны 5 мың теңгеден аспауы тиіс. Осылайша сауда орталығы өзіне жарнама жасағысы келді ме, әзірге белгісіз.

Шешініп тастағандардың көбісі – ер жігіттер. Алайда араларында нәзік жанды қыздардың да жүргенін көруге болады.

Айта кетейік, мұнда жағдай бұрын көршілес Ресей елінде орын алған.

Жіберіп алмаңыз:

Сәбиін аяусыз ұрған ананың кім екені анықталды

Олар бәрі бірге отырып арақ ішкен. Мусинованы зорлаған күдіктілердің туыстары қорғай бастады

Жол сақшысының жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсетуі көпшіліктің ызасын келтірді (видео)

Талқылау