Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газ баллонын өзі алып шықты: Алматыда тұрғындар өрттен құтқарған полицейге алғысын жаудырды

Өткен демалыста Алматыда полицей 6 адамды өрттен құтқарып қалған еді. Қайғылы оқиғадан аман қалған тұрғындары алғысын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz

Абай мен Тілендиев көшесінің  қиылысында орналасқан үй өртеніп, бір адамды күйік шалды.

“Өрт болған уақытта баламмен үйде болғам. Көршілердің газ қолданатынын білем, Балама күртесін жаба сала далаға шықтым. Жас полицейдің шланга ұстап, өртті сөндіріп жүргенін көрдім. Үйден екі газ баллонын өзі алып шықты. Бізге келіп, баламды қолынан ұстап өзінің Метрополитенінде отыра тұруға шақырды. Кейін бізге келіп, өрттің өшірілгенін айтты. Осы полицейге ерекше үлкен алғысымды білдіргім келеді”, – дедйі көрші үй тұрғыны Айгүл Әсембекова.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімтетінше, жақын маңда орналасқан техникалық қызмет көрсету стансасының иесі де ризашылығын айтты.

“Өрт басталғанда күйеуіміз екеуміз мекеме ішінде едік. Өрт сөндірушілерді шақырдым. Өртті сөндіргенге дейін полицейдің көршілерге жүгіріп, үйден шығуына көмектесіп жатқанын, қауіпсіз жерге апарғанын көрдім. Бұл түнде болған оқиға. Адамдар өз еркімен сыртқа шыға алмай жатты. Оған рахмет”, – дейді ол.

“Көрші үйді өртеніп жатқанын естіген соң біршама уақыттан кейін сержант келіп, үйден шығуымызды сұрады. Біздің шыққанымызды күтіп тұрды. Біз сыртқа шыққанда жедел қызмет келіп, сержант бізді жедел жәрдемге жеткізіп тастады. Оның ерлігі мақтауға тұрарлық. Нағыз полицей сондай болуы керек. Оған үлкен алғыс”, – дейді Гуля есімді әйел.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау