Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық тұрғын үйіне акробаттық тәсілмен кіруге мәжбүр

Алматылық тұрғын көшеден кірген тасқын салдарынан сыртқа тек терезе арқылы жүзіп шығуға мәжбүр болған. Амалсыздан акробат болған отбасы ауласы ендігі ауру ошағына айнала ма деп қорқады. Өйткені, бір аптадан бері тапжылмай жатқан жауын суынан құрттар шыға бастапты,- деп хабарлайды “КТК” арнасы.

12

Советхан Қалқабаева бір аптадан бері Венециядағыдай күн кешіп жүр. Бірақ, мұндағы су қорқыныштырақ. Ішін құрт жайлап, 50-ден асқан әйел өз үйінен есік емес, терезе арқылы шығып жүр.

“Мына үстелді  қойып, көршінің қақпасымен былай қарай шығамыз. Сөйтіп, былай шығып кетеміз көрші арқылы. 53-ке келіппін қайтем енді, осылай жүрмін не істеймін енді?” – дейді Алматы қаласының тұрғыны Советхан Қалқабаева.

Толассыз жауған жауын бүкіл ауданнан ағып, осы үйдің ішіне кірген. Дүние-мүлкі су ішінде қалқып жүр. Қорадағы тауықтары суға тұншығып қырылған. Ал қысқа деп жинаған көмірі енді жарамсыз. Өкінішке орай, мектепте қарапайым еден жуушы болып жұмыс істейтін әйел отбасымен апта бойында осы лас судың ортасында отыруға мәжбүр. Өйткені, небәрі 43 мың теңге жалақы алатын оның мына жатқан суды сорғызып алуға жағдайы жетпей тұр.

Сасыған судан тіпті отағасы уланып ауруханаға түсіпті. Советхан Қалқабаеваның өзі де қолы қалт етсе көлкіген суды шелекпен тасып жүріп сырқаттана бастаған.

“Басымыз айналады үйге кірсек. Жүрегіміз айнып, денелеріміз қышып, аллергия білмейміз не істейтінімізді? Көмек сұрадық. Әкімдікке бардық, жоқ әлі! Келмеді”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Советхан Қалқабаева.

Суды сорғызып алудың құны 25 мың теңге. Бұл тек бір рейстің ақысы. Техника жалдауға теңгесі жетпеген әйел енді ауласын жалғыз өзі тазартып жүр.

Талқылау