Алматыда тұрақтағы мүгедектерге арналған орындарды қымбат көліктер “еншілейтін” болған (фото)
Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған “мықты” нөмірлі екі қымбат көліктің танымалдығы артып барады.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Көпке танылып үлгерген фотосурет жалпыға ортақ топтың парақшасында жарияланып, оны 3 мың адам көшіріп басқан. Бұл аккаунтта осы тектес фотосуреттер, жүргізушілердің ереже бұзу жәйттері жарияланып тұрады.
Дегенмен, мүгедектерге арналған орындарды мына екі көліктің иелері ғана еншілеп қоймапты. Дәл осындай көріністерді топтың мұрағатынан көптеп кездестіруге болады.
Бір айта кетерлігі сол, “мүгедектерге арналған” белгісі жоқ орындар бос тұр.
Талқылау