Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Тұңғыш Президент саябағына кіре берістегі шырша өртенді

Төтенше жағдай 5 қаңтар күні таңертеңгі мезгілде болды. Қала тұрғындары өртті суретке түсіріп алған.

zwfq2oyzeuo_1“Бүгін таңертең сағат 6:23-те әуежайдан келе жатыр едім, шырша өртеніп жатыр екен”, – деп жазады оқиға куәсі болған Вконтакте желісінің қолданушысы Дәулет Серғазы. Және оқиға орын алған жерден суреттерін жариялады.

Әл Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысындағы жаңа жылдық шыршаның жанып жатқаны туралы ақпарат Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне 06:26-да келіп түскен.
«Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлігі оқиға орнына дереу жетіп, 11 минуттың ішінде өртті сөндіріп үлгерді» , – деп хабарлады Алматы ТЖД.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт аумағы 20 шаршы метр.
ТЖД өкілінің айтуынша, өрт шыршаны безендірген электр жарықтарының әсерінен болған.

93_wide

Талқылау