Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда туған немересі ақша үшін атасын балғамен ұрып өлтірді

Қайғылы оқиға Медеу ауданында орын алды. Қаза болған қарияның шағын дүкені болған.

topor20150528

Сурет: crime-ua.com 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

«14 сәуірде қариялардың үйіне 26 жастағы немересі ақша сұрап келген. Баласының мұндай қылығынан шаршаған қарттар балаға ұрсып салған. Сол кезде ашу үстінде немересі қарт адамды басынан балғамен ұрған. 77 жастағы қарт сол жерде көз жұмған. Жанжалға киліккен әжесі де ауыр соққы алды. Салдарынан қазір 73 жастағы әжей ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Күдікті екінші бөлмеде жатқан інішегіне тиіспеген», – деді Салтанат Әзірбек.

Одан соң немересі үйден 300 мың теңге, 6 алтын бұйымды алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Медеу аудандық ІІБ жедел іздестіру тобын құрып, қылмыстық іс қозғады.

Осы уақытқа дейін тергеу орындарынан жасырынып жүрген 26 жастағы азамат тонау мақсатымен шабуыл жасағаны үшін қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Талқылау