Алматыда трамвайлар шіріп жатыр

Жұма, 15 Қыркүйек , 2017 7:13

Алматыда бір жыл бұрын жүруіне тыйым салынған отарбалар жан баласына керегі болмай, тат басып жатыр. Тау боп үйілген сол шойынды шенеуніктер қайда жіберерін білмей дал. Бұл туралы КТК хабарлайды.

bd2a5c31cd36d0ff3bdb0fa98a6353de-big
Фото: Forbes Казахстан

Осының кесірінен депо аумағы нағыз қоқыс алаңына айналған. Трамвай вагондарының да бір жылдан бері ешкімге керегі болмай тұр. Бұрынғы депо басшылығы қанша тырысқанымен, ешбір фирма темір-терсекті қажет қылмапты.

Ал қала билігі болса, былтырдан бері депо орнында саябақ ашуды жоспарлаумен ғана жүр. Сәулетшілер мен дизайнерлер арасында арнайы байқау жариялап, жеңімпазын да анықтап қойған екен. Дегенмен, жақын арада трамвай аумағында тұрғындар серуендей қоймайтын сыңайлы.

“Рас, байқау біраз созбалаңға салынды. Себеп 24 жобаның ішінен ең жақсысын таңдау оңайға соқпады. Сарапшылардың пікірлері екіге жарылды. Сондықтан, жобаны біраз создырдық. Қазір біреуін таңдаған сияқтымыз. Енді қаржыландырудан кейін сол жоба бойынша саябақ жасайтын боламыз”, – дейді «Алматы даму орталығы» урбанистика бөлімінің жетекшісі Наталья Ливинская.

Оқи отырыңыздар:

Компьютерлік пернетақта мен смартфондардағы таңбалар қалай өзгереді?

Алматыдағы айуандықпен өлтірілген егіздердің ағасы жетімдер үйіне берілуі мүмкін

Баласын 5-қабаттан лақтырған әйел аналық құқынан айырылмақ

Баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген семейлік келіншек бұйрық секілді беймәлім дауысты естіген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар