Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады

Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады. Бұл туралы бүгін Алматыда орталық коммуникация қызметінің филиалында Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

депо

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Бұл жоба «Алматы көлігі тарихының мұражайы» деп аталады. Біз бұл жобаны әлі де жан-жақты талқылайтын боламыз. Сметасы жасалады. Сөйтіп, екі гектар жерді алып жатқан аумаққа қала бюджеті есебінен саябақ жасалады», – деді қала басшысы.

Естеріңізге сала кетелік, өткен жылы күзде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол-көлік апатынан кейін қабылданған еді. Бірінші болған көлік апаты салдарынан 5 адам зардап шегіп, 17 автокөлік зақымдалса, екіншісінде бір адам зардап шегіп, тағы да бірнеше автокөлік зақымдалды.

Талқылау