Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда той кортежінде әуеге оқ атқандар жауапкершілікке тартылды

Алматыда той кортежін ұйымдастырып, қала көшелерінің бірінде атыс жасаған жастар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлайды.

кортеж

“Оқиғаға орай жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел іске кіріскен. Бейнематериалдарды зерттей отыра, жедел іздеу барысында олардың кім екені анықталды. Құқық бұзушылыққа орай жас жігіттер Медеу аудандық полция басқармасына жеткізілді. Нәтижесінде төрт көлік жүргізушісі бірнеше жол ережесін бұзу әрекетіне сай ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі, сондай-ақ, әрбір ереже бұзушының аты-жөндерін жариялады:

Элчин Мусаев, 1989 жылы туған, Грузияның тумасы. kz 090 XWA 02 мемлекеттік нөмірі бар Lexus GS-300 көлігін тізгіндеген.
ҚР Әкімшілік кодексі 606 бабы, 1 бөлімі – “апатты жағдай тудыру” бойынша 10 АЕК (21210 теңге) айыппұл салынды; ҚР Әкімшілік кодексі 595 бабы, 4 бөлімі – 20 АЕК (42420 теңге), ҚР Жол-көлік ережесі бойынша қайта емтихан тапсыруға жіберілді; ҚР Әкімшілік кодексі, 614 бабы – “көлік қозғалысын әдейі қиындату” бойынша 3АЕК (6363 теңге).

Абдуллаев Вусал Фаигоглы, 1994 жылы туған, Әзербайжан Республикасының тумасы, kz 007 CAN 02 мемлекеттік нөмірі бар BMW 750i көлігін басқарған.
ҚР Әкімшілік кодексі 606 бабы, 1 бөлімі – “апатты жағдай тудыру” бойынша 10 АЕК (21210 теңге) айыппұл салынды; ҚР Әкімшілік кодексі 595 бабы, 4 бөлімі – 5 АЕК (10605 теңге); ҚР Әкімшілік кодексі 614 бабы – “көлік қозғалысына әдейі кедергі келтіру” бойынша 3АЕК (6363 теңге).

Закарияев Эльхан, 1995 жылы туған, Грузия тумасы. kz 691 DAA 02 мемлекеттік нөмірі бар Mercedes көлігін басқарған.
ҚР Әкімшілік кодексі 606 бабы, 1 бөлімі – “апатты жағдай тудыру” бойынша 10 АЕК (21210 теңге) айыппұл салынды; ҚР Әкімшілік кодексі 595 бабы, 4 бөлімі – 20 АЕК (42420 теңге) ҚР Жол-көлік ережесі бойынша қайта емтихан тапсыруға жіберілді; ҚР Әкімшілік кодексі 614 бабы – “көлік қозғалысына әдейі кедергі келтіру” бойынша 3АЕК (6363 теңге).

Юсибов Руслан Вафарадаоглы, 1995 жылы туған, Қазақстан Республикасының тумасы, kz 300 EEE 02 мемлекеттік нөмірі бар “Toyota Land Cruiser 200” көлігін басқарған.
ҚР Әкімшілік кодексі 606 бабы, 1 бөлімі – “апатты жағдай тудыру” бойынша 10 АЕК (21210 теңге) айыппұл салынды; ҚР Әкімшілік кодексі 595 бабы, 4 бөлімі – 5 АЕК (10605 теңге); ҚР Әкімшілік кодексі 614 бабы – “көлік қозғалысына әдейі кедергі келтіру” бойынша 3АЕК (6363 теңге).

Сондай-ақ, той кортежі кезінде алдыңғы мемлекеттік нөмірді тақпаған, kz586SYA02 мемлекеттік нөмірі тиесілі Toyota Land Cruiser 200 көлігін айдаған адамның да кім екені анықталды.

Аскаров Рашад Низамиоглы, 1994 жылы туған, Қазақстан Республикасының тумасы.

Тексеру шарасы кезінде көлік иесі болмаған. Полиция Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлікті тиеп, Медеу аудандық полиция басқармасының тұрағына алып келген. Көлік иесіне де ҚР Әкімшілік кодексі 606 бабы, 1 бөлімі, 595 баптың 4 бөлімі және 614 бап бойынша да айып тағылмақ. Сондай-ақ, оған қосымша “Көлік басқару кезінде мемлекеттік тіркеудегі нөмір белгісін тақпағаны үшін” 590 бап негізінде жауапкершілік жүктеледі.

“Медеу аудандық ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 293 бабы негізінде ортақ реестрде сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастайды. Қазіргі таңда аспанға оқ атқан адамдардың кім екені анықталып жатыр. Алдағы уақытта олар заңға сәйкес жауап беретін болады. Сонымен қатар, осы ретте құқық бұзушылық әрекетті дер кезінде байқап, хабарлаған белсенді азаматтарға алғыс білдіреміз”, – деді Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.

Той кортежі кеше, 4 тамыз күні Шығыс айналма жолы бойында жүріп өтіп, жол-көлік ережесін бұзған. Бірнеше автокөліктен тұратын кортежді Rolls-Royce Phantom бастап жүріпті.

Талқылау