Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тонаушы 68 жастағы зейнеткерді өлтіріп кете жаздады (видео)

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің алдына сөмкесімен келіп, кірмекші болған зейнеткерге көше ұрыларының бірі келіп қатты соққы жасап, сұлатып кеткен.

ыыыы

Бұл туралы Татьяна Николаева есімді фейсбук қолданушысы өз парақшасында жариялады.

“19 наурыз күні анам ұшақтан түсіп, үйге барады. Сыртқы есіктен енді кіре бермекші болғанда оған шабуыл жасаған. Қалай ұрғанын мына видеодан көруге болады. Сәл болмағанда өлтіріп қоя жаздаған. 68 жастағы адам үшін мұндай қатты соққы қайғылы жағдайға апарып соғуы да мүмкін еді”, – деп жазады Татьяна.

Анасы полиция шақырып, арыз да жазған. Бақылау камерасына түсіп қалған оқиға видеосын да Татьяна полицияға өздері тапсырыпты. Автор әзірге аталған видео және іс бойынша полиция дұрыстап айналыспай жатыр деп ренішін де білдірген.

Өзі Ресейде тұратын автор Алматы халқын абай болуға шақырыпты.

“Жаңалықтан оқып қалдым, Алматыда “Саяхат және туризм” деп аталатын Мәскеу халықаралық көрмесі өткізіліп, оған ресейлік туристер де барады екен. Алматыда қауіп әр кезде бар”, – деп жазып, қаланың құқық қорғау органдарына күмәнмен қараған.

Талқылау