Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда төбелесті ажыратпай қойған полицей жұмысынан қуылды (видео)

Алматыда тура жол бойында төбелескен екі ер адамды ажыратпаған тәртіп сақшысы қызметінен қуылды.

mhl0ryzh91gibbtniibsobf5e7p7g3ln43ro0zstsu

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

“Тәртіптік комиссия шешімімен полицей қызметтік міндетін лайықты түрде атқармағаны үшін ішкі істер органдары қатарынан шығарылды. Ал төбелес фактісі бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімшесі ҚР ҚК 293 бабы “Бұзақылық” бойынша іс қозғады”, – деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Ол сондай-ақ, аталмыш оқиға кезінде тек полицей ғана емес, өзге де куәгерлердің селт етпегенін атап өткен. Еске салсақ, екі жас жігіт көліктер өтіп жатқан жол бөлігінде жаға ұстасып қалады. Оқиғаның бейнежазбасы Инстаграм желісінде пайда болған еді.

Оқи отырыңыз:

Астана әуежайында жалған құжатпен Сирия азаматтары ұсталды

Рак дерті жұққан жүкті ана: Құрсағыма біткен сәбиім мені өлтіріп бара жатыр

Қазақ қыздары құрастырып шыққан мобилді қосымша Google-дің бас директорын тәнті етті

Алматылық кәсіпкер орманда тұрған отбасыны жатақханаға орналастырды

Талқылау