Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тілшілер араласқан соң тегін дәрі-дәрмек таратылды

Дау-дамайсыз дәрі алу мүмкін емес. Алматыда тегін дәрі алуға барған бір қауым зейнеткерге емхананың кіреберісінде сағаттап күтуге тура келді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

image94711

Сурет: news.caravan.kz 

Алайда, тілшілердің келуін күтіп отырса керек, камераны көрген дәріхана қызметкерлері қаптаған қарттарға дәрі-дәрмекті әп-сәтте таратып үлгерді.

Алматыдағы №4 емхананың дәріханасына жету шынымен де оңай емес екен. Кіреберістен қарсы алған қабағы қатулы ақ халаттылар дәрі үлестірумен емес, бір сәтке камерамен алысып кетті. Сылбыр медбикелер тілшілердің келуін күтсе керек, бесіннен бері тапжылмай тұрған қалың кезек лезде тарап, қариялар да сағаттап күткен дәрілерін ала бастады. Тек, емханада бұл олқылыққа не себеп болғанын түсіндіретін бірде бір адам болмай шықты. Мекеме басшысы бүкіл орынбасарымен бірге сол сәтте жиналыстамыз деп, із суытқан.

“Кеше түскі бірде келіңдер деді. Келдік, жоқ. Екіде келдік, тағы жоқ. Үш күн болды осылай жүргенімізге. Аяғымның ауырғанына қарамастан түстен бері еткер күткеніме екі жарым сағат болды. Соның өзінде жартысын ғана берді. Ертең тағы келуім керек”, – дейді зейнеткер Ильмин Мулюков.

Талқылау