Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тежегіші істен шыққан КрАЗ автобусты соғып, 5 адам жарақат алды

Алматыда ауыр жүк көлігінің тежегіші істен шығып автобусты қағып кетті. Жол апаты салдарынан 5 адам жарақат алған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқыс оқиға Қызыл ту ауылында болған. КрАЗ ауыр жүк көлігі Құлжа тас жолындағы жаңа айналма жолмен шығысқа бағыт алып келе жатқан. Орталық көшеге шығар тұста жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жолдағы №418  автобусты қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан автобустың ішінде отырған 5 жолаушысы жапа шеккен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оларды ауруханаға алып кетті.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Талқылау