Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тергеуші тәркілеген гауһар тастарды сатып жіберген

Индира Бердібекованың бұл жолы да сотқа кіргенінен шыққаны тез болды. О баста өзі «контарабандамен айналысты» деген күдікке ілінген келіншек енді нағыз «қойдың терісін жамылған қасқырды» сотта алмай жүр, – деп хабарлайды КТК.

Оның алтындарын тәркілеген боп, артынша сатып жіберген тергеушіден бүгін тағы да жауап алынбай қалды. Ал ол тәркілеген құны 1 миллион доллар болатын гауһар тастар мен алтындар сол күйі ұшты-күйлі жоқ.

“Кірістер департаментінің басшылары не қарап отыр бұл жерде? Біреудің дүниесі бұл. Қандай себеппен ашты? Фактілерді неге тексермейді басынан бастап? Менің дүние-мүлкімді қайтарып, барлық бұл іске қатысы бар адамдардың жазасын беруін мен өтінемін”, – дейді кәсіпкер Индира Бердібекова.

Ал Индираға қатысты қозғалған «контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс ойда-жоқта тоқтатылған. Десе де, сол кезде тәркіленген айғақ заттар әлі де табылмай тұр. Тергеу мәліметі бойынша, оларды мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеушісі жоқ қылған. Яғни, танысы екеуі ламбордтарға өткізіп жіберген деген күдік бар. Оның біразын келіншек өзі аралап жүріп тауыпты. Тергеушінің айғақ заттарды сатып жібергеніне басшылары жауап берудің орнына, керісінше таңданып отыр.

“Айғақ жоғалуы туралы Алматыда бірінші рет боп тұр. Өйткені бізде заттық айғақтарға қатаң түрде ішкі қауіпсіздік басқармасы қарайды 2014 жылдан бері құрылған. Бұл жерде енді бірінші рет боп тұр мұндай жағдай”, – дейді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшысы Заңғар Шыңдәлі.

Тергеушіге қатысты сот жабық есік жағдайында өтуде. Бет-жүзін журналистерге көрсетпеуге тырысқан тергеушінің десе де бұрыннан көпшілік алдында жүргені белгілі болды. Қуандық Есенқұлов бұған дейін талай контарабанданы құрықтап, ол жайлы да сұхбат бергенді. Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарында басшылық қызмет атқарған ол Алматыға аса ірі істерді қарайтын аға тергеуші боп жақында тағайындалыпты.

Айта кету керек, Есенқұловпен бірге гауһар тастарды тәркілеуге қатысқан тағы 15 тергеуші куәгер ретінде сотқа қатысуда.

Бірақ олар да беттерін тұмшалауда. Айта кету керек, тергеуші мамары айында ұсталған болатын. Алтындардың бос қорабы оның кабинетінен табылған. Десе де, офицер өз кінәсін мүлде мойындап отырған жоқ.

Үшінші мәрте келмей, соттың ашуын шақырды! Алматыда өзі тәркілеген гауһар тастарды сатып жіберген тергеушінің ісі адвокатының кесірінен тағы да кейінге қалды. Осыған ашуланған судья келесіде оны сот залына мүлде кіргізбей қоюды бұйырды. Ал бар байлығынан айырылған кәсіпкер келіншек тергеушінің қылмысын дәлелдей алмай, соттың табалдырығын тоздырып жүр.

Тағы да оқыңыз:

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Талқылау