Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда теракт жасаған Руслан Күлекбаев түрмеде өзіне қол салудың жолын іздеп жүр

Алматыда теракт жасағаны үшін сотталған Руслан Күлекбаев екі рет өзіне қол салуға оқталды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Күлекбаев Алматы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен өлім жазасына кесілген. Қазір Ол Қостанай облысындағы УК-161/12 мекемесінде қамауда отыр.

«Сотталушы екі рет суицид жасамақ болды. Алайда қызметкерлер оны құтқарып қалды. Күлекбаев әлі де өзіне қол салудың жолын іздеуде», – дейді комитеттегілер.

Күлекбаев мекеменің бір адамдық камерасында отыр. Онда күшейтілген күзет қызметі бар.

“Күлекбаевтың тәртібі теріс пиғылды, ол бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірінші күннен бастап, депрессиялық және стрессті басу үшін және жазасын өтеуге бейімделу үшін сотталушыға психологиялық көмек көрсетіліп келеді. Қашуға бейім, күзетшілерге шабуыл жасау, суидцидке бару және кепілге адам алу бойынша профилактикалық есепте тұр. Аффект жағдайында кез келген әрекетке бару мүмкін”, – деді ҚАЖК мамандары.

Мамандардың айтуынша, Күлекбаевқа бірнеше имам түсіндіру жұмыстарын өткізген. Алайда айыпталушы өз ұстанымынан қайтпайды. Өзі діни көзқараста ешкімге насихат айтпайды.

Бұған дейін Руслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау