Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғындарды тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Алматыда әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға тегін тамақ  беретін «Уақып» асханасы ашылды. Ол аптаның 5 күнінде жұмыс істейді. Ал мұндай игі іске бастама болған кәсіпкерлер өз есімін жарияламауды жөн көрген.

Алматыда тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тегін тамақтандыратын асхананың ашылуына Орталық мешіт және қолы ашық азаматтар ұйытқы болған.

Сейфуллин даңғылы мен Радищев көшесінің қиылысында орналасқан асхана аптаның 5 күнінде жұмыс істейді. Ол жерде әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адам 3 мезгіл тегін тамақтана алады. Сонымен қатар күніне бір кіріп, тамақтанған адам сол күні тағы да келіп, ауқаттана алады.

Асханада тегін тамақтану үшін Орталық мешіті жанындағы «Ихлас» қайырымдылық қауымдастығынан арнайы талон алу қажет.

«Негізінен, бұл игі бастаманың мақсаты – мешітке келген әрбір жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен жетім-жесірлердің, мүгедектер мен мүсәпірлердің аз да болсын мұңын сейілтіп, мұқтаждығын өтеп, жарқын өмірге үміт сыйлау», – делінеді ҚМДБ хабарламасында.

Ал осындай игі іске бастама болған кәсіпкер азаматтар өз есімін жарияламауды жөн көріпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау