Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тазаланбаған жол салдарынан бүтін бір отбасы қыс ішінде баспанасыз қалды

Қардың кесірінен қаңғып қалды. Алматыда тазаланбаған жол бүтін бір отбасыны қыс ішінде баспанасыз қалдырды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

а

Таулы аудандағы жер үйден өрт шыққанда күртік қардық кесірінен құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жете алмаған. Негізі бұл ауданға керек кезінде жедел жәрдем де келе алмайды екен. Салдарынан жұрт оқыс оқиғалармен өздері күресуге мәжбүр.

Әселдің үйі көз алдында өртеніп кетті. Келіншек өрт сөндірушілерді шақыртқан. Алайда, техникасы таудың үстіне шыға алмай, сөйтіп кешірім сұрап кері қайтқан.

“Олар кешірім сұрады. Техника көтеріле алмайды, өте қиын көтерілу.  Далада қалдық үйсіз”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Әсел Мирошникова.

Бір сәтте баспанасынан айырылған әйел екі баласымен далада қаңғып қалды. Бар қалғаны-үстіндегі киімдері ғана.

Алматының бұл таулы аймағында мыңдаған адам тұрады. Өрт сөндіру көлігінің келмеуіне байланысты талай үй өртенсе, ал жедел-жәрдемнің жете алмауына байланысты талай науқас үйінде жатып жан тапсырыпты. Бірақ, өлім-жітімнің бұл аймақта көбеюіне қарамастан, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Нұрниса Құрбанова да жүрек талмасы ұстағанда дәрігер шақыртқан екен. Алайда, омбы қардан олар да жете алмай, зейнеткердің жаны әбден қиналыпты.

“Қыстыгүні машина шықпайды бұл жаққа. Бізді ешкім көрмейді. Қартайғанда жағдай жоқ”, -дейді қала тұрғыны Нұрниса Құрбанова.

Алматының ең элиталы саналатын аймағы одан қалды әлі күнге дейін сусыз, жарықсыз отыр. Көктөбенің дәл түбінде тұрып, барлық шұғыл қызметтен жұрдай жұрт қала әкімдігіне талай мәрте шағымданған. Бірақ олар да әрнәрсені сылтауратып, көмек бермек түгілі мәселені келіп көруге де жарамай жүр екен.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек

Жұрт бағдаршамда жігіттің төгіп алған бір жәшік картобын теріп берді (видео)

Көлігіне жанармай құймақ болған әйел жалаңаш қолымен өрт тудырды (видео)

Талқылау