Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тайғақ жолға құмды қолмен сепкізген ЖШС-ға қатысты шара қолданылды

Алматыда тайғақ жолға құмды қолмен себуге мәжбүрлеген ЖШС-ға қатысты шара қолданылды.

35

Келеңсіз жағдай бүгін Ютуб желісінде шыққан болатын.

Алматыда тайғақ жолға құм себумен айналысатын коммуналдық көлікте отырған екі сарбаз құмды қолмен сеуіп шыққан.

Бейнеролик Алматы әкімдігінің Инстаграмдағы аккаунтында жарияланды.

Әкімдік тез арада бұл оқиғаға қатысты шара қолданды. Қала аймағын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін “АБС ЛД-Строй” ЖШС өндірістік бөлімшесінің шеберіне қатысты ҚР Əкімшілік кодексінің 505 бабына сəйкес, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, əкімшілік хаттама жасалды.

Талқылау