Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда таяқ жеп комаға түскен жедел-жәрдем дәрігерінің өзі істі болуы мүмкін

Алматыда дәрігерді ұрып, жарымжан еткен бұзақы «кінәлі емеспін» деп отыр. Айтуынша, ақ халаттының өзі бірінші боп күш көрсетіпті. Жедел жәрдем дәрігерлері жабылған соң амалсыздан қолыма кірпіш алдым деген күдікті қазір, керісінше, комада жатқан Наркескен Сейсенбаевты өзі сотқа бермекші.

12313770_1136797123029537_6530842036407961288_n

Бұл туралы STAN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті қазір дәрігерлердің өзі жабылғанын айтып жатыр. Жан-жақтан ұрған соң амалсыздан қорғануына тура келіпті. Анық-қанығы тергеу кезінде мәлім болады.

Десе де, дәрігердің туыстары тентектің бар сөзін теріске шығарып отыр. Наркескеннің әкесі Нақып Сейсенбаев кешірім сұрап күдіктінің әкесі, ағалары келгенін, бірақ оларға кешірім бермейтінін айтқан. Қазіргі таңда орган адамдары өздері шешеді деп есептеймін деп отыр.

26 жастағы жедел жәрдем дәрігері әлі де ес-түссіз жатыр. Бастан оңбай жарақат алған ол тіпті есін жиған күннің өзінде де өмірбақи мүгедек болып қалуы ықтимал. Қазір оның еміне әріптестері қаражат жинап, жігіттің есін жиғанын күтуде.

Талқылау