Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тауда жоғалып кеткен 7 жасар бала: Шопан оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді

Алматы облысында тауда жүріп жоғалып кеткен 7 жасар бала әлі де іздестіріліп жатыр. Ал тауда балаларды пышақпен қорқытты деген шопан оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді. Асқар Гасимов жоғалып кеткен Ернұрды танымайтынын және оны ешқашан көрмегенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда тауда жоғалып кеткен 7 жасар бала: Шопан оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді

«Ол ана жақта телефонды алмағанын айтып айқайлап тұрды. Мен мына жақта айқайладым. Ол әлдекімге нұсқап жатты. Мен: «Сен біреуге жала жаппа. Телефонды қалтамнан сен алдың», – дедім. Оның сөзінше, осы кезде бала киіз үйден атып шығып, қашып кеткен. Ол жоғалып кеткен Ернұрды көрген емеспін. Балаларды пышақпен қорқытқаным жоқ. Менің де балаларым бар. Ернұрды мен де ісздестіріп жатырмын», – дейді шопан Асқар Гасимов.

Балалар тауға атпен жергілікті шопандардың біріне қонаққа келген. Алайда ер адам шығып кеткен. Сол кезде балалардың бірі мен шопанның арасында ұрыс туған.

Баланың сөзінше, Асқар Гасимов өздерін пышақпен қорқытқан әрі мас болған. Оның ата-анасы полицияға арыз түсіріп те үлгерген. Алайда ер адам өзіне тағылған айыптаулармен келіспей отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында таулы жерде жоғалып кеткен 7 жасар баланың іздестіріліп жатқанына 6 күн болды. 7 жасар бала 14 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Ынтымақ аулының оңтүстік жағында жоғалып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау