Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тау бөктерінде заңсыз тұрғызылған мейрамхана сүрілді

Мұндай шешімді Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты шығарды. Аумағы 1600 шаршы метр болатын, құрылысы аяқталмаған ғимарат Алма-арасан шатқалында ешбір заңды құжатсыз салынған.

11164807

Сурет Қазақстан Жаңалықтары

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ғимаратты сүру жұмыстарын кәсіпкердің өзі жүргізді. Бұған дейін 2015 жылы шілдеде Оразов ЖК ҚР ӘқК 316-бабы бойынша жауапқа тартылып, 792 800 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.

Қалалық құрылыс және сәулет басқармасының құрылысты тоқтату туралы қаулысына қарамастан жеке кәсіпкерлік ғимаратты бұзуға асықпаған. Бұдан соң басқарма тарапынан ауданаралық сотқа арыз жіберілді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапары барысында әл-Фараби көшесінен жоғары орналасқан таулы аймақтарда құрылыс нысандарын салуды шектеуді тапсырған болатын.

Одан кейін қала әкімі Бауыржан Байбек аталған аумақтағы ғимараттарды салудың жаңа регламентін ұсынды. Енді салынатын ғимараттардың биіктігі 12 метрден аспауы тиіс. Одан асып кеткендер сүрілетін болады.

Талқылау