Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тәртіпке бағынбаған той кортежінің жүргізушілеріне айыппұл салынды (фото)

Мына той кортежі жуырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында полицейлердің көзіне түсті. Көліктер тізбегі батысқа қарай бет алған болатын.

20160923113308

«Кортеждің құрамында тәртіп бұзған үш автокөлік болды. Мәселен, ақ түсті «Лада Приора» маркалы автокөлігінде мемлекеттік нөмір деген атымен жоқ. Одан бөлек, аталмыш автокөліктің әйнектері қара … Бөлімше қызметкерлері автокөліктерді тоқтатты. Нәтижесінде үш жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал аталмыш кортежге қарасты өзге автокөлік жүргізушілері тәртіп бұзбаған», – деді әкімшілік полиция басқармасы, арнайы батальонының командирі, полиция подполковнигі Серік Абжанов.

Осылайша, ақ түсті «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі, 1997 жылы туған Исмаил Аллахвердиев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көк түсті «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі, Грузия азаматы, 1994 жылғы Руслан Абдуллаев Әкімшілік кодекстің 612 «Құжаттар жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, полицияның арнайы батальоны жүргізушінің автокөлікке құқығын дәлелдейтін құжаттары болмағанын айтты. Көлікті ұрламағанына көз жеткіз үшін ер адам ІІД-нің аудандық бөлімшесіне жеткізілді. «Лада Приора» арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сол сияқты «Субару» автокөлігінің жүргізушісі, Грузия азаматы Руслан Абдуллаевқа қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Оның да көлікті басқару куәлігі болмаған. Сол себепті Әкімшілік кодекстің 612 бабы бойынша жауапқа тартылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылған.

20160923113331

20160923113326

20160923113319

2016092311331420160923113256

Жіберіп алмаңыз:

Таразда кезекті той кортежі жұртты шошытты (видео)

ОҚО-да той кортежін басқарғандар жол ережесін бұзып, өзге жолаушыларға қару кезенген (видео)

Қарағандыда жас жұбайлар автокрандармен ерекше той кортежін жасады (видео)

Алматыда той кортежінде әуеге оқ атқандар жауапкершілікке тартылды

Талқылау