Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал боксшы сот алдында жауап берді

Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраров бұзақылық жасады деп күдіктелуде. Боксшының ісі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қарастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Жанқош Тұраров

Іс материалдарына сәйкес, 2018 жылдың 25 мамырында сағат 19:00 шамасында Тұраров мен Махамбет «SkyBar» түнгі клубына досына келген. Түнгі клубқа кіре берісте боксшы мен аталған қауіпсіздік қызметкерлері Әлқожаев және Жарылқасынов сөзге келіп қалған. Олардың арасындағы дау клубтың маңындағы үйдің ауласында жалғасын табады. Осы кезде Жарылқасынов Тұраровқа травматикалық қарудан оқ атқан. Артынша оқиғаны бақылап тұрған Отарбаев «Streamer» тапаншасынан бірнеше рет оқ атады. Мұнан кейін олар төбелесе жөнелген.

«Қазіргі уақытта әкімшілік сотта Әлқожаев, Отарбаев және Жарылқасынов ҚР ҚР 293-бабы 2-тармағына (Бұзақылық), 287-бабы 2-тармағына (Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу)

сәйкес жауап беруде. Ал Тұраров пен Махамбет ҚР ҚК 293-бабы 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша айыпталуда», – делінеді соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың мамыр айында боксшы Жанқош Тұраровтың Алматыда болған атысқа қатысқаны туралы ақпарат тарап, полиция пікір білдірген еді. Артынша боксшының өзі түсініктеме берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау