Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал кәсіпкер, заңгер, әрі жазушы алаяқтық үшін сотталуда

Талғат Ақуов ірі алаяқтыққа қатысы бар деп күдіктелуде. Іс материалдарына сәйкес, кәсіпкерлер мен зейнеткерлер оған пайыздық үстемемен қарызға ақша берген. Бірақ, олар өз еңбектерімен тапқан табысын қайтара алмай отыр.

Алматыда танымал бизнесмен, заңгер, әрі жазушы алаяқтық үшін сотталуда

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал, елді алдап, ақшасын қайтармай қашып жүрген танымал заңгерге жәбірленушілердің шағымынан кейін іздеу жарияланды. Полицейлер 4 жыл бойы ұстатпай қашып жүрген Ақуовты тек 2018 жылдың көктемінде қолға түсірді.

Атақты кәсіпкер және жазушы-заңгерге қатысты өткен отырыста  сот залы адамға лық толы болды. Атышулы іске қатысқысы келетіндерге орын бірден табыла қоймады. Талғат Акуовқа алданып қалған барлық жәбірленушілер алғаш рет бір жерде жиналды. Ал, сотталушы болса сот залына көңілді, әрі күлімсіреп кірді.

Талғат Ақуов ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталуда. Тіпті, оған қарсы қозғалған қылмыстық іс 15 том болған. 50-ге жуық адам оның сөзіне сеніп, қарызға ақша берген. Олардың ішінде, Ақуов құрған кәсіпкерліктің тәуелсіз бірлестігіне кіретін кәсіпкерлер де бар.

Жәбірленушілердің айтуынша, Ақуов оларды Қарағанды облысындағы туристік базаның құрылысына инвестициялауға көндірді. Қаражатты қайтаруға уәде берген алаяқ кәсіпкер осылайша бәрін алдап, өзі ізім-ғайым жоқ болып кеткен.

«Ол ешқандай банк осындай пайыз төлемейді, мен сендерге жылына 18% төлеймін деп уәде берді. Ол маған көмектес, мен де саған қол ұшымды беремін деді. Біз оған толықтай сендік. Ол менің күйеуім жоқ екенін, екі баламмен далада қалуым мүмкін екенін білді. Мен оған 50 мың бердім. Тек сол кезде ақшаны теңгемен сақтау керек деген заң шықты. Бірақ, доллар көтерілетін болса, ол маған өтемақы төлейтін болады деп келіскен болатынбыз », – дейді жәбірленуші Роза Етекбаева.

«Оның ұсынысы мені қызықтырған соң, бір бөлмелі пәтерімді сатып жібердім. Ол менің компанияма ақша салсаңыз, салымыңызды көбейтіп сол арқылы табыс табасыз деп сендірді», – дейді тағы бір жәбірленуші Айжан Сатығанова.

Алаяқ кәсіпкерге алданып қалғандардың арасында зейнеткерлер де бар. Ақшаны өтеу туралы келісім түрлі шарттармен жасалған. Алайда, көп ұзамай олардың барлығының жарамдық мерзімі өтіп кеткен. Ал, елден қарыз алған Ақуов із-түссіз жоқ болып кеткен соң, оған іздеу жарияланды. Ол осы көктемді ұсталды. Алайда, бұрынғы бизнесмен кінәсін мойындамайтын емес. Айтуынша, біреуді алдауды жоспарламаған.

Танымал кәсіпкерге алданған жәбірленушілер болса бұл істі аяғына дейін жеткіземіз деп отыр. Талғат Ақуов келтірген зиянның жалпы сомасы кейінірек сот залында жарияланады. Алайда, жәбірленушілердің бағалауы бойынша бұл сома екі миллиард теңгеден асады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау