Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал актердің жесірін төрт баласымен пәтерден қуып жатыр

Алматыда белгілі драма актері Шалқар Үркімбаевтың жесірі далада қалуы мүмкін. Оксананы төрт баласымен қызметтік пәтерден шығарып жатыр.

сот

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Жатақханадағы баспананы Үркімбаев 2008 жылы Әуезов атындағы театр әкімшілігінен алған. 2012 жылы актер 30 жасында жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ал өткен жылдың маусым айында Оксана Үркімбаеваға пәтерден шығу туралы хабарлама келген. Бірақ, ол кезде актердің жесірі театр басшылығымен ол мәселені кейінгі шегере тұру туралы келісімге келген. Алайда биылғы жылдың ақпан айында сот оны жауапкер ретінде шақырады.

“Қазіргі таңда сот жүріп жатыр, бірақ менде мені қорғайтын адвокат жоқ, кімге өтініш айтарымды білмеймін. Адвокаттарға да ақша төлеу керек. Театр заң бойынша маған пәтер беруі тиіс”, – дейді Оксана.

Ал театр директорын Ерлан Біләлдің айтуынша, күйеуі қайтыс болғаннан кейін Оксана басқа адамға тұрмысқа шығып, тіпті бала да туған. Сол себепті олар қазір Үркімбаевтың отбасы емес және баспананы да заңсыз иеленіп отыр екен.

“Біздің қызметкерлер де оның баспанада заңсыз тұрып жатқанына наразы. Олардың да отбасы бар, олар да театрдың заңды жатақханасында тұрғысы келеді. Біз Оксана айтып едік, ол түсінбей қойды. Сол себепті сотқа шағымдануға тура келді”, – дейді директор.

Ал Оксана ешқандайда күйеуге тиген жоқпын, тек дәрігерлердің талап етуімен бір жарым жастағы баламды өмірге әкелгенмін деп отыр. Әлі де Шалқар Үркімбаевтың жесірі болып қала береді. Қазірге дейін екі бірдей сот отырысы өткен. Қай тараптың уәжі дұрыс екені әлі белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда төрт жасар бүлдіршін дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды

Әйелін мектептің алдында соққыға жыққан азамат психиатрлардан көмек сұрады

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Талқылау