Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда таңертеңнен бері 80 жол апаты болған

Алматыда көктайғақтың салдарынан жол апатының саны күрт өсіп отыр. Түнгі сағат 12-ден бері жарты тәулік ішінде 80 жол апаты болған. Жолаушылар аздап қана жараланған. Адам өлімі орын алған жоқ.

7d6de4664c0ba08be87e200f0078f44c7d6de4664c0ba08be87e200f0078f44c

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы ТЖД «Қазгидромет» болжамына сүйене отырып, дауылды ескерту жариялаған болатын.

Алматыда таңғы сағат 4:30-дан бастап жауған қардың қалыңдығы таулы аймақтарда 25 см-ге дейін жетті. Қалың қарды тазалауға қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Бұл жұмысқа 608 техника мен 112 құмсепкіш техника тартылды. 785 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына кірісті.

Бүгін Алматы көшелеріндегі көктайғақтың алдын алу үшін 3669 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пен 91 тонна техникалық тұз себілді.

Талқылау