Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір науқас пластикалық отадан кейін көз жұмды

Алматыда пластикалық ота жасатқан тағы бір науқас көз жұмған. Бірақ бұл жайлы жария етілген жоқ.

Алматыда тағы бір науқас пластикалық отадан кейін көз жұмды

Оқиға 2017 жылы желтоқсан айында болған. Мұны Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова растады, деп жазады Sputnik.

“Оқиға “Москва-deluxe” емханасында тіркелді. Р. есімді науқастың қабырғасының липосакциясы, іштің бүйір беті және жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігіне ота жасалған”, – дейді Айзат Молдағасымова.

4 қазанда қалалық ІІД-нен тексеру жүргізу туралы тапсырма келді.

Полиция тергеуі дәрігердің салғырттығынан науқас көз жұмды деп санайды.

“Тергеу амалдары жүргізілуде, өлім себебі әлі анықталмады, емтихан әлі де жүріп жатыр, клиника барлық құжаттарды тексереді, тергеу жариялауға рұқсат бермейді”, – дейді “Москва-deluxe емханасының басшысы, хирург Роман Алферов.

Науқас бейресми дерек көзінің мәліметінше, Алматыға Атыраудан келген.

2016 жылы пластикалық от ажсатқан Украина азматшасы көз жұмған еді. Ал, 2018 жылдың 8 қазанында 30 жастағы ұшақ жолсерігі пластикалық ота жасатам деп мерт болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау