Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір көпқабатты тұрғын үй қисайды (фото)

Алматы қаласының Алатау ауданындағы «Алғабас» шағынауданында тағы бір көпқабатты тұрғын үй қисайды. Тұрғындардың айтуынша,  нөмірі 1\148-ші үй кем дегенде 50 сантиметрге ішкі аулаға қарай қисайып кеткен.

20160816120250

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кеше түстен кейін үйден қытырлаған дыбыс шыққан.

«Біз барлығымыз далаға жүгіріп шықтық. «Жер сілкінген шығар», -деп ойладық. Содан тұрғындар жиналып, бір-бірімізді жұбатып, Алатау ауданының әкімдігіне хабарластық. Бірақ тез келе қоймады. Содан қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарластық. Олар кешке ғана келіп, пәтерлерді аралап көрді, тұрғындармен сөйлесті. Барлық кемшіліктерді жоюға уәде берді. Бүгін Алматы қалалық сәулет-құрылыс бақылау мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері келіп, үйдің қаншалықты қисайғандығын анықтап жатыр. Бүгін кешке нәтижесі белгілі болады», – деді өз сөзінде осы үйдің тұрғыны Аслан Шатырбаев.

20160816120325

Оның айтуынша, пәтер кілті тұрғындарға бір күнде – 2016 жылдың 28 маусымында берілген. Сол күннен бастап, тұрғындардың тауқыметі басталыпты.

«Үй қисайып тұр. Жарайды, оған да келістік. Бірақ, құрылыс сапасына қараңызшы, есік-терезелер дұрыс орнатылмаған. Дұрыс жабылмайды. Екінші дәліздің есігі дұрыс ашылып, жабылмайды. Біз қоныстанған соң, көп ұзамай кемшіліктер жөнінде Алматы қалалық құрылыс басқармасына акт жазып бергенбіз. Әлі күнге дейін жағдай түзелген жоқ. Ыстық су келгелі бері жоқ. Жертөледе су бар. Сасық иіс жоғары қабаттарға дейін сезіледі. Бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін су шахталарынан су ағып тұр. Мен бұл пәтерге көп балалы отбасы ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша қол жеткіздім. Жиырма жыл бойы күттік. Пәтер жалдап қаңғырып жүрдік. Үй маған өте ұнайды. Тек үйдің жөндеу жұмыстары мен қауіпсіздігі реттелсе екен. Бар тілегіміз осы», – деді Шатырбаев.

20160816120349

Айта кетелік, тұрғындардың айтуынша, бүгін кешке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов, Алтау ауданының әкімі Бағдат Манзоров және Төтенше жағдай жөнінде департамент өкілдері келіп, тұрғындармен кездеседі.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда қабырғасы қисайған үй түзетіліп, қайтадан сатылмақшы

Алматыда бір жағына қарай  қисайған көпқабатты үй сүрілетін болды

Алматыда қабырғасы қисайған үйден көшірілген жұрт полициямен төбелесе жаздады

Талқылау