Алматыда түнгі клубқа көңіл көтеруге келген қыз-жігіттер қол күрестіріп жарысты

Алматыдағы жастардың көңіл көтеретін шулы орындарының бірінде спорттық шара өтті. Білекті қыз-жігіттер онда арнайы барып, қол күрестірген, деп хабарлайды КТК.

Осылайша, сауық құруға барған қонақтар ойда-жоқта нағыз жекпе-жектің куәсі болды.

Сенбі – бұл бардағы думанның қатты қызатын күні. Бірақ, осы жолы денсаулыққа пайдасыз көңіл көтеруді армрестлинг спортының өкілдері тоқтатып қойды. Қолдары темірдей қатысушылар ортада күш сынасып, бүкіл қонақтардың назарын аударған. Мұндай жерде бірінші рет бәсекеге түссе де, олар өздерін кәдімгі залда жүргендей сезінді. Өйткені, спортшыларға ыңғайлы болуы үшін дәмханаға үстелдеріне дейін көтеріп келіпті.

Әрі чемпионатта қол күрестің халықаралық ережелері қатаң сақталды. Айта кетсек, армрестлинг  – жекпе-жектің ең бейбіт түрі. Онда қарсыластар бір-бірінің денесіне еш зақым келтірмейді. Құрыш білекті қыз-жігіттер осылай жастарға салауатты өмір салтын насихаттауды көздепті. Ұйымдастырушылардың тағы бір мақсаты – көпшілікті спорттың осы бір қиын әрі қызық түріне баулу.

“Қазір бүкіл әлемде қол күрес деген өте ауқымды сондай қоғамды алып жатыр. Соны біз қолдаймыз. Қолдай отырып  өзіміздің спорттық клубтың атынан сондай бағдарды ашқымыз келді”, – дейді ұйымдастырушы Медет Зәріпхан.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Ет тағамын “Атадәм” деп атауды ұсынған Шымкент тұрғыны жұртты өзін қолдауды шақырды

Жер астын қазып жатқан ОҚО тұрғыны: Бөлмелердің бірінде Шыңғыс хан, екіншісінде оның жылқысы жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар