Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда түнгі клуб өртке оранды

Бүгін түнде Алматыда Роызбакиев көшесінде орналасқан Aragosta түнгі клубы өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

83aa78445d1d28a818f22b2e76f2e0bb

Сурет ҚР ІІМ ТЖК

Алдын-ала белгілі болған дерек бойынша өрт 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орынына өрт сөндіру қызметі мен Алматы қалалық ТЖД төтенше-құтқару отряды жедел жеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша өрт туралы хабар кезекшілікке сағат 05.25-те түскен.

photo_185445

“Алғашқы бөлім оқиға орынына 5 минуттан соң 05.30-да барды. Кафенің шатырының үлкен бөлігі өртке ораныпты. Өртті сөндіру кезінде 3 газ және 2 көмірқышқыл баллоны эвакуацияланды. Өрт көлемі анықталып жатыр. Өрттің қаупі сағат 06.43-те сейіліп, өшірілді”, – дейді Алматы ТЖД өкілі.

Талқылау