Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сүйісіп отырған екі қазақ қызы жұрттың ашуын келтірді

Алматыдағы кафелердің бірінде сүйісіп отырған екі қазақ қызы көпшіліктің ызасын тудырды.

Желіде тарап кеткен видео авторының айтуынша бұл жағдай Алматыда болғанға ұқсайды.

“Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланды. Авторы Алматыда түсірілген депті. Қазақ қыздары деуге аузымыз бармай отыр. Сенгіміз жоқ. Әйткенмен қазіргі өмірде бәрі мүмкін. Өйткені еліктеу басым. Жастар жақсыдан жиреніп, жаманнан үйренетін болғаны ма?”, – деп жазған Думан Танабас есімді желі қолданушысы.

“Сұмдық ай! Соншалықты не көрінді? Ар-намыс қайда жастар? Ертеңгі ұрпаққа не бетімізді айтамыз? Ойланайық. Отан отбасынан басталмай ма? Өзімізді тура жолға салайық”, – деп жазады желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылардың барлығы дерлік қыздардың қасында мәз болып отырған жігіттерді де сынға алған.

 

Талқылау